Стикерлер

Read the original announcement in English

Бұл 2015 жылдың қаңтарындағы жазбада ескірген ақпарат бар.
Сол үшін жеке стикер жинақтары туралы білген жөн.

Telegram-да біз қарапайым құралдарды қайта ойлап көреміз. Стикерлер ұғымы да бұдан тыс емес. Басқа мессенджерлерде стикерлер әдетте шектеулі, ақылы және жабық ортада ұсынылатыны бізге әрдайым ұнамайтын.

Бүгін Android, iOS, Windows Phone және Desktops үшін шыққан Telegram жаңартуы стикерлердің жаңа түрін таныстырады: эмоциялармен бөліскісі келетін суретшілер мен қолданушыларға арналған тиімді және ашық технологияға негізделген тегін платформа.

Telegram стикерлері кейіпкерлерге емес, эмоцияларға топтастырылған. Олар интерфейсті басып тастамайды, тек орынды кезде ғана көрсетіледі: сіз хат жазуды белгілі бір эмоджиден бастап жіберген сайын, соған сәйкес эмоциялы стикерлер тізімі шығады. Барлық стикеріміз қазір де, болашақта да толықтай тегін болады және сіз әрқашан өз стикерлеріңізді жасап, бөлісе аласыз.

Алғашқы 14 стикерді мына жазбадан таба аласыз. Тағы ондаған стикер жақында қосылады.

Стикерлеріңізбен бөлісу

Стикерлеріңізді бөлісу үшін, стикерді мөлдір қабаты бар WebP пішімінде сақтап, Telegram ішінде досыңызға құжат ретінде жіберіңіз (мысалы: Telegram Desktop арқылы). Ол стикер ретінде көрсетіледі. WebP пішімінің арқасында Telegram стикерлері басқа мессенджерлерде жиі қолданылатын пішімдермен салыстырғанда 5 есе жылдамырақ жүктеледі.

Жаңа стикерлер жасау

Telegram контент жасауды ұнататын адамдарға бағытталған. Стикеріңіз белгілі бір эмоджиге сәйкес контекстік мәзірде барлық Telegram қолданушысына көрінгенін қаласаңыз, оны біздің Stickers ботымен чат арқылы жібере аласыз – telegram.me/stickers.

Фрилансерлер де өз жұмыстарын бізге сата алады: әдетте 512x512px өлшеміндегі стикердің эксклюзивті құқықтары үшін біз 100$ төлейміз. Тек талаптарымызға сай жоғары сапалы стикерлерді ғана қабылдаймыз. Бастапқы үлгі ретінде өзіміз ішкі командада жасаған стикерлерді мұқият қарап шығуды өтінеміз.

2015 жылы 2 қаңтар
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар